Жамбыл облысында жасөспірімдер қызды топтасып зорлады деген күдікке ілінді
Әлеуметтік желіде Жамбыл облысында үш жасөспірім кішкентай қызды зорлады деген күдікке ілінді деген ақпарат тарады. жергілікті полиция күдіктілердің жеке басын анықтады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жамбыл облысы полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігіне (Кәмелетке толмаған адамға қатысты бір топ адамдар жасаған зорлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтқан еді.
“Тергеу барысында күдікті ретінде үш жасөспірім анықталып, ұсталды. Олардың екеуіне қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын, үшіншісіне қатысты — жеке кепілгерлік тағайындады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, тараптармен онымен танысып жатыр”, – деп мәлімдеді полиция.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 300-бабына сәйкес қылмыстық іс тергеуге прокуратураға, содан кейін сотқа жіберіледі.
Бұған дейін Павлодарда 14 жастағы қызды зорлаған ер адам сотталған еді.