Жамбыл облысында жаппай төбелес болды

0
23

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жамбыл облысы полиция департаментінің тергеу басқармасында «Бұзақылық» бабына сәйкес тергеу басталды

ТАРАЗ, 7 ақпан — Sputnik. Жамбыл облысының Масанчи ауылында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.

«Полиция қызметкерлерінің күшімен төбелес тоқтатылды. Жағдай бақылауға алынды», – деп жазылған ведомствоның ақпаратында.

Жамбыл облысы полиция департаментінің тергеу басқармасында қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Төбелес қатысушылары анықталып жатыр.

Құқық қорғау органдары тек ресми ақпаратқа сеніп, жалған хабар таратпауға шақырды.

Сондай-ақ, полиция әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.



sputniknews.kz