Жамбыл облысында жаппай төбелес болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жамбыл облысы полиция департаментінің тергеу басқармасында «Бұзақылық» бабына сәйкес тергеу басталды

ТАРАЗ, 7 ақпан — Sputnik. Жамбыл облысының Масанчи ауылында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлады өңірлік полиция департаменті. 

«Полиция қызметкерлерінің күшімен төбелес тоқтатылды. Жағдай бақылауға алынды», — деп жазылған ведомствоның ақпаратында.

Жамбыл облысы полиция департаментінің тергеу басқармасында қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Төбелес қатысушылары анықталып жатыр. 

Құқық қорғау органдары тек ресми ақпаратқа сеніп, жалған хабар таратпауға шақырды. 

Сондай-ақ, полиция әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. 



sputniknews.kz