Жамбыл облысында сотталушы тік ішегіне тыққан телефон үлкен дәретімен түсті

0

Телефонды тік ішегіне тығып өтпекші болған. Ақмола облысындағы түзеу колониясына жазасын өтеуге келген сотталушыдан ұялы телефон тәркіленді. Ол тыйым салынған затты түрме ішіне алып кіруге бар жанын салған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

— Сөмкені мында қойыңыз. Рентген сканеріне тұрыңыз…

36 жастағы жазасын өтеуші ұялы телефонын түрме қызметкерлерінен жасырып қалам деп ойлаған. Алайда түзеу мекемесіне кіргендерді рентген аппараты арқылы тексеретіін көріп, тыйым салынған зат бар екенін өзі-ақ мойындаған. Бірақ оны күзетшілерге көрсете алмайтынын айтқан.

Өйткені nokia телефоны мен сим-картаны Жамбыл облысынан келген сотталушы тік ішегіне жасырып қойған. Тыйым салынған зат үлкен дәретімен бірге түсті. Қазір аталмыш оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.