Жамбыл облысында шектеу енгізіледі

0

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Қазақстанның тағы бір облысында шектеу шаралары қолға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. 31 наурыздан бастап Жамбыл облысы аумағында жаңа шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Транзиттік көлік құралдарын, сондай-ақ азық-түлік тиелген автөкөліктен басқа, көліктің барлық түріне және азаматтарға Жамбыл облысы мен Тараз қаласының аумағына кіріп-шығуға тыйым салынады.

«Ірі сауда орталықтарының қызметі тоқтатылады. Бөлшек сауда азық-түлік базарлары міндетті түрде санитарлық-дезинфекция режимін сақтай отырып, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді», – делінген хабарламада.   

Көтерме сауда дүкендері мен базарлар, супермаркеттер, азық-түлік дүкендері, үйдің жанындағы дүкендер мен дәріханалар қалыпты режимде жұмысын жалғастырады. Қоғамдық тамақтану нысандары жеткізіп беру қызметіне ауысады.

Оқи отырыңыз: БҚО-да коронавирусқа байланысты екі үйдің кіреберісі карантинге алынды 

Билік Жамбыл облысының тұрғындарын қатты қажет болмаса үйден шығуды шектеуге шақырды. Отбасы мүшелерін қоспағанда, адамдардың үш адамнан артық   топтасып жүруіне шектеу енгізілуі қажет.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 294-ке жетті. Оның үшеуі Жамбыл облысында. Індеттен 20 адам жазылып шығып, бір адам қайтыс болды.  



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз