Жамбыл облысында сарбаз комаға түсті: Тоқаев шұғыл тапсырма берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы сарбаздың комаға түсуіне байланысты қатаң тапсырма берді. Бұл туралы Берік Уәли мәлімдеді.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті”, — деді ол.