Жамбыл облысында «Қырықбаевтар» қылмыстық тобы құрықталды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Қылмыстық топ мүшелері кәсіпкерден ақша бопсалап, пайда табуды көздепті

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының 4 мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Күдіктілер кәсіпкерлерді қорқытып, ақша алмақ болған.

«ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының 4 мүшесінің заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. Олар күш көрсетіп, қорқыту арқылы кәсіпкерден ақша бопсалаған», — делінген хабарламада.

Тергеу барысында қылмыстық топ мүшелері қамауға алынған.

Тағы оқыңыз: «Әлиев» ұйымдасқан қылмыстық тобы сотталды

«2019 жылғы 21 мамырда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың «Р» және «Д» есімді екі мүшесі қылмыс үстінде ұсталды. Сот оларға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. 23-24 мамыр күндері қылмысқа қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы екі мүшесі ұсталған болатын», — делінген хабарламада.

Тіркелген факті бойынша ҰҚК департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.



sputniknews.kz