Жамбыл облысында пышақ жарақатын алған әкімнің жағдайына байланысты тың деректер белгілі болды
Ойтал ауылдық округінің әкімі Арман Рахымбеков реанимацияда бір аптаға жуық уақыт өткізді.
Дәрігерлер КТК телеарнасына жәбірленуші іш қуысының тесілген жарасымен, ұйқы безінің зақымдануымен ауруханаға түскенін айтты. Шұғыл түрде оған операция жасалды. Бүгінгі таңда әкімнің жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық деп бағалануда, ол есін жиды.
Бұған дейін полицейлер әкімге шабуыл жасаған адамның психиатриялық есепте тұрғанын айтқан болатын.
фото: tengrinews.kz