Жамбыл облысында пойыз рельстен шығып кетті

0

Жамбыл облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Kznews.kz.

Төтенше жағдай салдарынан жолаушылар пойызы кідіріп жатыр.

Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 шілде сағат 01.29-да Шу ауданында Аспара станциясында вагондар рельстен шығып кеткен.

«Тараз — Шу» бағытындағы жүк пойыздарының вагондары рельстен шығып кетті. Салдарынан жолаушылар пойызы кідіріп жатыр. Осыған байланысты Жамбыл облыстық ТЖД азаматтарды психологиялық қолдау үшін «жедел желі» ашты. Жедел желі телефондары — 8(726 )51-35-75, 8(726) 41-41-67», — деп түсіндірді ведомстводан.