Жамбыл облысында павлодарлық ер адам коронавирустан көз жұмды — Қазақстан жаңалықтары

0

Жамбыл облысында коронавирустан көз жұмған науқас 61 жастағы  Павлодар облысының тұрғыны екені анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Өңір әкімдігінің мәлімдеуінше, ер адам алысқа қатынайтын жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. 20 наурыз бен 18 сәуір аралығында Ресей, Беларусь, Польша, Чехия және Қырғыз Республикаларында болған.

«Алгоритмге сәйкес мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде одан COVID-2019-ға алынған зертханалық талдау оң нәтиже көрсеткен. 19 сәуірінде науқастың дене қызуы жоғарлап, қалтырау, әлсіздік пен құрғақ жөтелге қатысты шағымдмен ауруханаға жатқызылған. Диагностика барысында, тыныс алу жеткіліксіздігі бар екі жақты полисегментарлы пневмонияның асқынуымен коронавирус инфекциясы расталған», — деді әкімдікте.

Науқасты бақылау және емдеу шаралары онлайн режимде Нұр-Сұлтан қаласындағы КВИ бойынша ахуалдық орталықтың мамандарымен келісіп қабылданды.

23 сәуірден бастап науқастың жағдайы қосымша ауруларына байланысты нашарлаған. Ілеспе аурулары — жүрек зақымдалуымен гипертониялық ауру, созылмалы бронхит және 2 дәрежелі семіздік.

«Қарқынды емдеу шараларына қарамастан, көптеген мүшелер қызметінің жеткіліксіздігі белгісі жоғарылады. 4 мамырда сағат 01.20-да реанимациялық іс-шаралар нәтижесіз болып, науқастың жүрегі тоқтады», — деді әкімдікте.

Еске сала кетейік, 4 мамыр сағат 22:20-дағы эпидомологиялық жағдайға сәйкес Жамбыл облысында — 1, Қарағанды облысында 1 науқас коронавирустан көз жұмғаны хабарланды.

stan.kz