Жамбыл облысында Орталық Азиядағы ең үлкен күн электр станциясы іске қосылды
Алпауыт станция 224 гектар алқапты алып жатыр.
Жуалы ауданында «Бурное Солар» күн электр станциясы құрылысының 2-кезеңі аяқталды. Қуаты 50 МВт болатын «Бурное Солар-2» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жуалы ауданындағы «Бурное Солар» күн электр станциясы бүкіл Орталық Азиядағы ең үлкен нысан болып саналады. Алпауыт станция 224 гектар алқапты алып жатыр. Мұнда сағатына 100 мегаватт энергия өндіріледі. Бұл 70 000 үйге қажетті қуат көзі.
Биыл нысанының 2-кезеңінің құрылысы аяқталып, қуаты 50 МВт болатын «Бурное Солар-2» жобасы іске қосылды. Жоба құны 26 миллиард теңге. Бұл компаниялардың барлығы да, өндірген энергиясын оны таратумен айналысатын арнайы мекемелерге тасымалдайды. 2020 жылға қарай бұл тізім тағы толығып, Жамбыл облысы өз қажеттілігінің 60%-ын баламалы қуат көздерінен алады деп жоспарланып отыр. Ал, жұмысқа 90 пайыз жергілікті тұрғындар тартылады.
Күннен қуат өндіретін жобаның екінші кезеңі EXPO-2017 көрмесі аясында қолға алынған болатын. Жалпы жоба 15 жылда өз құнын ақтайды. Мәселен, бірінші кезеңі іске қосылғалы мұнда құны 6 миллиард теңге көлемінде ток өндірілген. Толық қуатқа шықса, өнім екі еселенбек.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!