Жамбыл облысында өрістегі малдарды атып өлтіріп отырған ұрылар ұсталды

0

Олар ұрланған мал етін шұжық шығаратын цехтардың біріне өткізбек болған.

Жамбыл облысында әккі барымташылар қолға түсті. Ұрылар Мойынқұм ауданынан мал ұрлап бара жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz «Хабар 24» арнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Олар өрісте жайылып жүрген түліктерді қарумен атып алып, сойып тасымалдаған. Тәртіп сақшылары күдікті автокөлікті «Батыс Еуропа – Батыс Қытай»автомагистралінде тоқтатып, Тұрар Рысқұлов ауданының екі тұрғынын ұстады. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тексеру барысында көліктен 4 сиырдың тұтас еті мен пышақ, балта және атылған оқтың бірнеше гилзалары табылды. Олар ұрланған мал етін шұжық шығаратын цехтардың біріне өткізбек болған. Олар бұған дейін осындай әрекеті үшін бұрын бірнеше рет істі болған. Қазір кінәсын мойындады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/