Жамбыл облысында мұнай базасында өрт шықты: Екі жұмысшы зардап шекті — Тосын жай

«Амангелді ГПЗ» ЖШС Тараз филиалының аумағында мұнай қайнату пешінде өрт шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 2018 жылы 20 желтоқсанда 08:27-де Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында болды.
«П-1 (мұнай қайнату пеші) қосылу кезінде УПН-100 құрылғысының түтін шығатын бөлігінде газ араласқан қоспа жарылысы болған. Өрт 08:39-да ауыздықталып, 09:08-де толығымен сөндірілді. Апат салдарынан екі адам: 1987 және 1995 жылғы екі адам зардап шекті», — делінген хабарламада.
Өрт сөндіру жұмыстарына ТЖД 7 қызметкері мен екі техника және 6 адам мен 2 арнайы техника мемлекеттік емес ұйымның мамандары жұмылдырылды.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz