Жамбыл облысында коронавирусқа шалдыққан азамат ауруды қайдан жұқтырғаны анықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Жамбыл облысында коронавирусқа тап болған азамат ауруды Қырғыстанда жұқтырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

коронавирус

Бұл туралы Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов мәлім етті. 

«Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырған бір азамат анықталып отыр. Ол — Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны. Ол Қырғызстан Республикасынан облысымызға келген. 24 наурыз күні облыстық карантиндік стационарға жатқызылып, бекітілген алгоритмге сәйкес сынама алынды. Сынама қорытындысы бойынша оң нәтиже көрсетілді. Дегенмен, сараптамаларын нақтылай түсу үшін Алматы қаласындағы вирусологиялық зертханаға қосымша жіберілді», — деді ол.

Сөзінше, науқаспен байланыста болғандардың барлығы анықталып, станционарға жатқызылған. Жалпы алғанда 13 адам қазір дәрігердің бақылауында екен. 

«Пациенттің тұрғылықты жеріне залалсыздандыру жұмысы жүргізілді. Белгіленген алгоритм бойынша шаралар жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы бірқалыпты. Денсаулығына ешқандай шағым жоқ. Дене қызуы көтерілмеді. Науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Мамандарымыздың бақылауында, бекітілген емдеу хаттамасына сәйкес ем алуда»,- деді басқарма басшысы.

 

stan.kz