Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі — сырттан келгендер — Қазақстан жаңалықтары

0

Жамбыл облысында тіркелген коронавирусқа шалдыққан азаматтардың көп бөлігі шетелден келгендер екендігі белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

больница

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың басшылығымен өткен жедел штаб отырсында айтылды. 

Облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 45 науқас тіркелген. Оның ішінде 11 адам шекаралық өткізу пункттерін кесіп өту кезінде, 6 жолаушы Дели рейсінен анықталған. Тараз қаласында 5 науқас, Қордай ауданында – 18, Меркі ауданында – 2, Шу, Мойынқұм және Жамбыл аудандарында – бір-біреуден тіркелген.

Сондай-ақ, аурушаңдықтың ең көп көрсеткіші көрші Қырғыз Республикасынан келушілер арасынан байқалған десек, олардың саны — 14 адам. Барлық науқастар облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жұқпалы аурулар корпусына жатқызылған. Жағдайлары қанағаттанарлық деңгейде, олар клиникалық хаттамаға сәйкес ем алуда.

Карантиндік және провизорлық стационарларға бүгінге дейін жалпы саны 1305 адам келіп түскен десек, оның 977-і шығарылған. Ал, 328 адам стационарлық бақылауда. Қазіргі уақытта Жамбыл облысының бас санитарлық дәрігерінің облыстың барлық аумағында карантин енгізу туралы қаулысы дайындалуда. Бүгінге дейін Тараз қаласы мен Қордай ауданы аумағында карантин режимі енгізілген.

stan.kz