Home Жаңалықтар Жамбыл облысында ислам діни бірлестігінің ғимараты өртенді

Жамбыл облысында ислам діни бірлестігінің ғимараты өртенді

0
238

Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданындағы ислам діни бірлестігінің ғимараты өртенді, деп хабарлайды облыстық ТЖД.

«20 тамыз күні сағат 17: 38-де ТЖД кезекші қызметіне Т.Рысқұлов ауданының Жарлысу ауылындағы өрт туралы ақпарат келіп түсті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық ислам діни бірлестігі филиалының 1 қабатты ғимаратындағы өрт жөндеу жүргізіп жатқан кезде шықққан».

ТЖД мәліметінше, өрт аумағы 90 шаршы метрді шарпыған. Ғимараттың қабырғалары рама, шатыры мембрана жабыннан жасалғаны белгілі болды. Өрт сағат 18.53-те ауыздықталып, 19.20-да сөндірілді.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Өрт сөндіршілердің болжамынша, отты абайсыз қолданудан нысан өртеніп кеткен.