Жамбыл облысында есірткі сатумен айналысқан адам ұсталды
Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Жамбыл облысының тәртіп сақшылары есірткі өткізумен айналысқан Тараз қаласының тұрғынын құрықтады, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«17-ақпан күні Жамбыл облысы ПД Есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығында есірткі сатқан адамды құрықтады. Бұрын сотты болған Тараз қаласының 34 жастағы тұрғынының көлігі мен тұрғылықты жерін тексеру барысында салмағы 262 грамм гашиш және 36,29 грамм болатын марихуана есірткі заттары анықталып, тәркіленді», — деп хабарлап отыр ведомство өкілдері.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі, 296-бабының 4-бөлігі және 296-бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz