Жамбыл облысында ер адам туған анасын өлтірді

0

Жамбыл облысында адам шошырлық қылмыс тіркелді. Ұлы туған анасын өлтірді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Kznews.kz порталы.

«Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдікті — жәбірленушінің 36 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Ер адам кінәсін мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүргізілуде», — делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.