Жамбыл облысында бүлдіршінді зорлаған жігіт ұсталды

0

Жамбыл облысының Шу ауданында екі жарым жастағы қызды зорлады деген айыппен 25 жастағы жігіт қамауға алынды. Жәбір көрген бүлдіршін қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, ауыр хәлде түскен науқастың беті бері қарады. Жантүршігерлік оқиғаны облыстық сот растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.  

шу Жаға ұстататын жағдай Шу қаласына қарасты Қант зауыты ауданында болған. Жәбір көрген қыздың ата-анасы қандай да ақпарат беруден бастартқан. Ал ауыл тұрғындарының айтуынша, күдікті арам ниетін тапа-тал түсте іске асырған.  

Көршілердің айтуынша, аулада ойнап жүрген жасы үшке де толмаған қыз баланы 24 жастағы азамат үйіне кіргізіп, ойына келгенін істеген. Оның жанұшыра шыққан дауысын естіген куәгерлер көмек  шақырыпты.

Сол сәтте бүлдіршіннің әкесі бір топ адаммен келіп, баспананың есігін бұзып, ішке енген. Алайда, күдікті терезеден қарғып, қашып кеткен. Бірақ ол алысқа кете алмапты. Оқиғаны көргендердің айтуынша, оның ізіне түскен бір топ жігіт көп ұзатпай қолға түсіреді. к. Күдіктіні полицейлер келгенше байлап ұстаған.

Көршілер 25 жастағы бойдақ азаматты жақсы танымайтын болып шықты. Себебі ол анасы екеуі бір ай бұрын ғана көшіп келген. Қазір оның үйінде ешкім жоқ.

«Мен диванды өз көзіммен көрдім. Шындық көзге көрініп тұр. Қанның бәрін көрдік, тергеушілер бізге қол қойғызып алды. Анық зорлық болғанын бәрін көрдіңдер ғой деп», — дейді қылмыс болған жерді өз көзімен көрген қала тұрғыны Сәуле Жекібаева.

Осы оқиғадан соң кейбірі тұрғындар үйімізден шығуға қорқып қалдық дейді. Оған негіз де жоқ емес. Себебі ел арасында күдікті жәбірленушіге «азғындық жасамаған» деген қауесет тарапты.    

«Мен қорқам. Екінші күн жұмысқа шықпай отырмын. Он жастағы қызым бар. Ал ертең ол баланы босатып жіберсе қайда барамын?» — дейді шошынған Шу қаласының тұрғыны Сафият Нысанбаева.

Өлім аузынан қалған бүлдіршін аудандық ауруханада жатыр. Алғашында оның хәлі өте ауыр болған. Қазір беті бері қарапты. Бірақ дәрігерлер оның денсаулығына қатысты тілшілерге толық мағлұмат бермей отыр.

Облыстық полиция департаменті де бұл дерекке қатысты ресми ақпарат бермей отыр. Бірақ ауданда ауыр қылмыстың болғанын, әрі күдіктінің қамауға алынғанын облыстық сот растады.

«Шу аудандық сотының 19-шы маусым күні шыққан қаулысына сәйкес, айыпталушыға тамыз айына дейін санкция берілген. Айыпталушыға зорлау, көрнеу жас балаға қатысты жасалған қылмыс деген айып тағылуда», — дейді Жамбыл облыстық соты ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Динара Қыдыралиева.

Бізге белгілі болғанындай, күдікті бұған дейін істі болмапты. Ол қазір уақытша ұстау абақтысында жатыр.

stan.kz