Жамбыл облысында бір отбасын қырып салған қойшыға қатысты сот үкімі шықты

0

Бүкіл өңірді дүр сілкіндірген қанды оқиға 4 ай бұрын Шу ауданында болған.

Шаруа қожалығының иесін және оның ұлы мен қызын өлтірген қаскөй енді 21 жылын темір торда өткізеді. Оның бойында психикалық ауытқуы бары анықталды. Бұл туралы zakon.kz, КТК телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Азамат Тілепов, судья: -Ол адамдарды өлтіруге ойым болған жоқ дейді. Оның жауаптарымен сот келіспейді, Өйткені адамды балғамен бастан ұрса, пышақты денесіне тықса, адам өлтіруге ой болмаған деп сенуге болмайды ғой.

Бүкіл өңірді дүр сілкіндірген қанды оқиға 4 ай бұрын Шу ауданында болған. Қойлы ауылда таң сәріде ұйқыдан тұрған шопан ай-шайға қарамай қожайынды балғамен ұрып, кейін пышақтап өлтіреді. Артынша кәсіпкердің ұйқыда жатқан 16-17 жастағы екі баласын төсектен тұрғызбай бірінен соң бірін бауыздап тастаған. Сөйтіп үйдегі ноутбук пен ұялы телефонды алып із суытыпты. Алайда қаскөй ертесіне ұсталды. 42 жастағы қылмыскер бұл асқан қатыгездікке жұмыс берушіге ренжіген соң бардым деп ақталған. Өзінің айтуынша, қожалық иесі оны құлша жұмсап, итше тепкілепті. Ал сол жантүршігерлік оқиға болатын күні кәсіпкердің жұбайы құдай сақтап үйінде болмаған.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/