Жамбыл облысында баланы ұрып тастаған тәрбиеші жұмысына қайта оралған

0

Ауыл тұрғындарының айтуынша, әйел балабақша директорының демалыста болғанын пайдаланып, директор міндетін атқарушыны өзін жұмысқа қайта алуға көндірген.

«Тәрбиешілер балаларды ұра берсе бола ма сонда? Оны жұмыстан шығарыңыз», – деп талап етті Шақпақ-Ата ауылының тұрғыны Гүлбахар Кесембаева.

«Ол бір баланы ұрды, басқа балаларды да ұрмайтынына кім кепіл?”, – дейді жергілікті тұрғындардың бірі Қалдыбек Қуанышбеков.

Бұл жағдайға балабақша директоры да ашулы. Ол өзінің беделіне нұқсан келді деп есептейді. Директор тіпті орынбасарын жұмыстан шығаруға шешім қабылдаған. Алайда мәселені аудандық білім басқармасы бақылауға алу керек.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Жуалы ауданында арнайы комиссия құру туралы шешім қабылданды.