Жамбыл облысында автобус жол апатына ұшырады: 11 адам көз жұмды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жолаушылар автобусы апатқа ұшыраған көлікті айналып өтпек болғанда аударылып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысының Қордай ауданында Toyota Camry жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан. Осы сәтте тасжолда келе жатқан жолаушылар автобусының жүргізушісі апатқа ұшыраған көлікті айналып өтпек болғанда аударылып кеткен.

Трагедия бүгін сағат 05:00-де Алматы-Ташкент тасжолының 181 киллометрінде болды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

 Апат салдарынан оқиға орнында сегіз адам көз жұмды, 32 адам ауруханаға жеткізілді, алған жарақатынан тағы үш адам жан тапсырды.  

Оқиға орнына облыс әкімінің бірінше орынбасары Б.Орынбеков, облыс прокуроры Ж.Құсайынов, облыстық полиция департаменті, төтенше жағдайлар және қорғаныс істері басқармасының бастықтары аттанды.



sputniknews.kz