Жамбыл облысында аудандық аурухананың бас дәрігері сотталды
Бас дәрігер мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 800 мың теңге сомасында пара алған
НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша — Sputnik. Меркі ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Меркі ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері Б.Құрманәліге қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған.
«Ол ЖШС өкілінен 2 миллион 800 мың теңгеге балалардың құрғақ тамағын жеткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін 800 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
12 қарашада Меркі аудандық сотының үкімімен дәрігер пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға сотталды. Сондай- ақ мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды.
Тағы оқыңыз: Түркістан облысында 26 экс-полицей сотталып кетті
sputniknews.kz