Жамбыл облысына жаңа прокурор тағайындалды — Қазақстан жаңалықтары
Нұрғалым Әбдіров Жамбыл облысының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат басқарма сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас Прокурордың 12 ақпандағы бұйрығымен 3-сыныпты әділет жөніндегі мемлекеттік кеңесші Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіров Жамбыл облысының прокуроры болып тағайындалды», — делінген хабарламада.
Нұрғалым Әбдіров 1967 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді.
Ол өз қызметін прокуратурада 1991 жылы бастады.
Ол Бас прокуратураның — арнайы прокурорлар, тергеулер мен анықтаулардың заңдылығын қадағалау бойынша, ұсталған және қылмыстық жазасын өтеген адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау бойынша үш департамент басшысы қызметін атқарды.
Ол сонымен қатар Астана, Алматы қалаларында прокурорлардың бірінші орынбасары, Оңтүстік-Шығыс аймақтық көлік прокуроры болып жұмыс істеді. Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының прокурорларын басқарды. Прокуратурадағы жұмыс өтілі 28 жылдан асады.
stan.kz