Жамбыл облысы тұрғындарына Әбіләзовпен байланысты компанияға берілген жер қайтарылды
Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасында Тараз қалалық сотының бір кездегі шешімі қаралды. Прокурор «Ноғайбай-Kazexim» компаниясының электронды аукцион қорытындылары туралы хаттамаларды заңсыз деп тану және олардың күшін жою туралы шағымын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімге апелляциялық өтініш блідірген, деп хабарлайды Kznews.kz.
2006 жылы «БТА Банк» АҚ пен «Қазэксим» ЖШС арасындағы кредиттік шарт негізінде жалпы ауданы 14 мың гектардан асатын 16 жер учаскесі қаржы ұйымдарына компания қарызын қамтамасыз ету ретінде кепіл берілген.
Жер пайдаланушылар несие шартының және жер учаскелерінің кепілінің болуы туралы 2010 жылдың қыркүйегінде ғана білген.
2010 және 2017 жылғы сот үкімдерімен «Қазексим» ЖШС бас директоры, Мұхтар Әбіләзов және «ұйымдасқан топтың басқа мүшелері» сотталған. Олардан банктің пайдасына материалдық залалдың едәуір сомасы өндірілген.
2011 жылы борышты қайтару бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты Жамбыл облысының прокуроры БТА банкінің мүддесі үшін сотқа талап арызбен жүгінген.
Сот шешімі
Соттың 2011 жылғы шешімімен «Қазэксим» ЖШС-нен банктің пайдасына жауапкерлердің мүлкінен өндіріп алу жолымен 3 млрд теңгеден астам қарыз өндірілді.
2016 жылғы қыркүйекте ТЖК ЖШС-нің кепілге қойылған мүлкін өндіріп алу бойынша атқарушылық іс қозғалды. 2018 жылы аукциондық сауда-саттық жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша бес жер учаскесі сатылды.
– Сот алқасы 2018 жылғы сот шешімінің заңсыздығы туралы қорытындыға келді, өйткені жер учаскелері «Қазэксим» компаниясына заңсыз берілгенін сенімді түрде анықтады. Осыған байланысты жер Қордай ауданының тұрғындарына қайтарылады, — делінген хабарламада.