Жамбыл облыстық полиция департаменті басшысы қайтыс болды

0
1881

Таразда Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы, генерал Жанат Сүлейменов көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Бұл туралы tengrinews.kz тілшісі сайттың telegram желісіндегі арнасында хабарлады. Өлім себебі әлі айтылмады.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

«Жанат Сүлейменов қайтыс болғаны рас. Бірақ қандай жағдайда қайтыс болғаны анықталып жатыр», — деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Жанат Сүлейменов 1962 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1980 жылдан бастап қызмет етеді. Түрлі жылдары есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеттерді, криминалдық полицияны, көліктегі полиция департаменттерін, сондай-ақ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарын басқарды. 2017-2019 жылдары Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына Жанат Сүлейменов 2020 жылдың ақпан айында Қордай ауданындағы оқиғалардан кейін тағайындалған еді.