Жамбыл аудандық сотының судьясы қайтыс болды

0
32

Жамбыл облысында судья Абай Дәуренбеков қайтыс болды.

Бұл туралы Жамбыл аудандық сотындағылар хабарлады.

Өз саласының кәсіби шебері, ақ жүректі, жаны таза адам – ​​Абай Әбдіқапарұлы Дәуренбеков 57 жасына қараған шағында қайтыс болды, – деп хабарлады.

Дәуренбеков Абай Әбдікапарұлы 1964 жылы 10 ақпанда Жамбыл облысы Свердлов ауданында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды ​​жоғары мектебін бітіріп, 2003 жылы сот саласында қызметін бастады.

nege.kz