Жамбыл Ахметбеков кандидат ретінде тіркелді

0

Орталық сайлау комиссиясы Жамбыл Ахметбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеді

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Қазақстан коммунистік халық партиясынан президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбеков 16 өңірден 135 506 қол жинаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Президенттікке үміткер Жамбыл Ахметбеков

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешов коммунистердің атынан сайлауға түсетін үміткердің кандидатқа қойылатын талаптарға сай екенін атап өтті.

«Аумақтық сайлау комиссиясыларының хаттамаларында сәйкес, Жамбыл Ахметбеков 16 өңірден 138 294 қол жинады. Оның 135 506-сы есепке алынды», — деді Мелдешов ОКС отырысында.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың сайлауалды штабына кімдер кірді?

Жамбыл Ахметбековке Қазақстан президенттігіне үміткердің куәлігі табысталды.

Брифинг барысында Қазақстан коммунистік халық партиясының кандидаты қол жинауға аз уақыт берілгенін, бірақ оған қарамастан бұл міндетті орындағанын жеткізді.

Сондай-ақ, Жамбыл Ахметбеков өзінің өмірлік жолын баяндап берді.

«Мен ауылдан қалаға келген кезде үй жалдап тұрдым. Ол қаладағы Лесозавод ауданында болатын. Батпақтың арасымен жүрдік. Партиямыз парламентке өтіп, депутат болып сайландым. Қазір қызметтік үйде тұрып жатырмын. Анам менің қолымда. Отбасымда 7 адам бар», — деді ол.

Президенттікке үміткер жеке басында үй жоқ екенін, ал қымбат көлікті несиеге сатып алғанын айтты.

Тағы оқыңыз: Әміржан Қосанов президент сайлауына түсетінін мәлімдеді

«Қазір өзімнің жеке үйім жоқ. Жұбайым — мұғалім. Сондықтан мемлекеттік бағдарлама арқылы алдымен жалға берілетін, кейін сатып алу мүмкіндігі қарастырылған баспана алдық. Оның ақшасын төлеп тұрамыз. Бірақ ол біздің атымызға түскен жоқ. Әлі біраз ақша төлеу керек. Алдында итеріп жүргізетін Toyota Camry көлігім болды. Оны сатып, несиеге 2013 жылғы Toyota Highlander көлігін алдым. 3 жыл несиесін төледім. Одан басқа бизнесім, жеке мүлкім жоқ», — деді кандидат.

Қазақстан президенттігіне үміткерлер

Мемлекет басшысы болғысы келетін сегіз кандидаттың есімі белгілі болды, олар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев  – Nur Otan партиясынан;
  • Дәния Еспаева – «Ақ жол» партиясынан;
  • Жамбыл Ахметбеков – Қазақстан коммунистік халық партиясынан;
  • Төлеутай Рақымбеков – «Ауыл» партиясынан;
  • Сәдібек Түгел –»Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігінен;
  • Амангелді Таспихов – Қазақстан кәсіподақтары федерациясынан;
  • Әміржан Қосанов – «Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық қозғалысынан;
  • Жұматай Әлиев — «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен.



sputniknews.kz