«Жаманқұловқа 3 миллион доллар бермегенім үшін жапа шектім»: Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы аштық жариялады

0

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы президент әкімшілігіне хат жолдады. Экс-министр хатта отандық кинематографиядағы жемқорлықпен қалай күрескенін айтқан. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Время сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Түрмеде жазасын өтеп жатқан Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: құқықтық тәртіп, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты жолдауы миллиондаған қазақстандықтарды рухтандырып, әділетті мемлекет құруға сендірді.

“Сіз қоғамда құқықтық тәртіп идеологиясы берік орнығып, барлық уәкілетті органдарға алаяқтықпен және соған байланысты құқық бұзушылықтармен күресу үшін шешуші шаралар қабылдауды тапсырдыңыз. Мемлекет басшысы ретінде бар күшіңізді салып, әрбір адам өз орнын тауып, арманын жүзеге асыратын әділ Қазақстанды құратыныңызға сенемін. Әділет, заң, оптимизм маған өте жақын ұғымдар. Өйткені Тұңғышбай Жаманқұловтың бір күндік ресейлік компанияның күмәнді фэнтези фильміне 3 миллион доллар бөлмей, әділ, заңды әрекетім үшін жапа шектім”, – деп жазған экс-министр.

фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов