«Жаман үйді, қонағы билейді»: Қоғам белсендісі Қазақстандағы Ресей елшісін ауыстыруды талап етті

0

Ұмытпасам 2022-шы жылдың 7-ші ақпанында проресейлік «Независимая газета» берген сұхбатында Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин «Орыс тілін білмейтін қазақстандықтардың дені – басқа мемлекеттерден қоныс аударғандар, яғни шет ел қазақтары.

Бұл олардың заманауи қазақстандық қоғамға тез сіңісуіне кедергі келтіреді, бұл ел билігі үшін айтарлықтай проблемалар туғызады» деген болатын.

Одан басқа Ресей мен Қазақстанның өзара достығына сына қағатын қазақ ұлтшылдары мен русофобтар деп оттаған-ды.

«Жаман үйді, қонағы билейді» дегендей сол кезде Алексей Бородавкиннің бұл сөзіне Қазақстан билігі тарапынан бір мемлекеттік шенеунік шығып, жауап берген жоқ.

Енді кеше «Россия сегодня» агенттігіне берген сұхбатында Алексей Бородавкин: «Әрбір қазақстандық екі аяқта нық тұруы тиіс: бірі мемлекеттік тіл – қазақ тілі, екіншісі, Қазақстан Конституциясында көрсетілгендей ресми тіл – орыс тілі. Бұл екі аяқтың екеуі де бірдей болған жағдайда ғана алға қадам баса алатынын ескеру керек» деп айды аспанға бір-ақ шығарды.

Қазақстан сияқты тәуелсіз елдің азаматтары қай тілде сөйлеуіне бұйрық-пәрмен беретіндей ол кім еді немесе агрессор ел боп табылатын импершіл Ресейдің елшісі өзіне көп алып қойған жоқ па?!

Ең сорақысы Ресей елшісі ұлтшылдар мен антиресейшіл Һәм антипутиншіл қазақтардың саяси көзқарасын шектеу үшін, біз РФ билігі кез келген уақытта аталмыш ұлтшылдарды басып-жаныштауға, яғни керек болса күш қолданып, көмектесуге дайынбыз депті..

Бұл не масқара?

Азат Украинаны әлем картасынан құртқысы келетін агрессор Ресей билігі енді ашық түрде Қазақстанға ауыз сала бастағаны ма?
Әлде тәуелсіз Қазақ елін өздерінің меншікті губерниялық субьектісі санай ма?!

Сонымен қатар Ресей елшісі сұхбатта Қазақстан мен АҚШ арасына сына қағуға мейлінше әрекеттенгені,атап айтқанда
Қазақстан-АҚШ өзара қатынасы мен түрлі саладағы әріптестігіне көлеңке түсіріп тұрғанын да байқауға болады..

Өз басым Ресей елшісінің өктемшіл сұхбатын тыңдап,түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым.

Мен Тұрарбек Құсайынұлы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі тез арада Ресей Федерациясына наразылық НОТА жіберіп,Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкиннен Қазақстан халқынан кешірім сұрауын, оның әрекетіне құқықтық һәм саяси баға беруін және Ресейдің Қазақстандағы елшісін ауыстыруды қатаң талап етемін!!!

Тұрарбек ҚҰСАЙЫНҰЛЫ

Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді!