Жаман ой жанды аздырады
Адам баласы туылған сәтке дейін, таза ақ парақтай періште болып келеді. Өмірге келгенен кейін өмірдің түрлі кезеңдері мен қиындықтары адамды құлазуға жалғыздыққа итермелейді.Соның салдарынан жаман ойлар мен үмітсіздік ұялап жанын азаптап аздыруға және соңы түрлі қиындықтарға соқтырады. Ойыңызды жаман әдеттен арылтып жақсы ойлауға тырысу үшін, психологтың көмегіне құлақ салыңыз:
Әр күннің бастауын түн кезінде жоспарлап ертеңгі күнге қадам басыңыз. Таңды әдемі күлкіден бастаңыз. Күніңіз жақсы өтсін десеңіз бір жақсылық жасауға тырысыңыз. Адамдардың сізге жаман айтқан пікірін қабылдамауға тырысыңыз.
Адамдармен сөйлесу барысында, жақсы пікір айтуға тырысыңыз. Ойыңыздағы жаман ойды арылту үшін де, спортпен айналысуға тырысыңыз. Ренжіген болсаңыз мән бермеңіз. Таңертең күліп ояныңыз күні бойы сергек жүресіз. Табиғатты тамашалауға жиі шығып тұрыңыз. Уайымдаған сайын денсаулығыңызға да зиян келеді. Көңіл-күйіңізді көтеретін әуенді тыңдауға тырысыңыз.
Кім соңғы рет сізге жақсы сөз айтты? Жақсы көретін адамыңыз болса айтыңыз. Қарсылық танытатын жандармен күресудің бір жолы үндемей құтылу ондай адамдармен санасудың қажеті жоқ. Күліп жүріңіз сізге күлген жарасады. Жаман ой мен біреуге жамандық ойламауға тырысыңыз. Біреуге атқан оғыңыз, өзіңізге келіп қайтады. Біреудің жасаған жамандығын, жақсылықпен қайтаруға тырысыңыз.
Ой мен жүрек бір байланыста жүрекке неғұрлым жақсы дүниелерді ұялатсаңыз, ойыңызда жаныңызда тазарады. Азғындық пен ашуланшақтық денсаулықтың түбіне жетіп, адамды рухани азғындыққа апарады. Жүрегіңіз мейірімге,жаныңыз шуаққа бөленсін. Ойыңыз тек жақсылықтардан тұрсын.
Дереккөз: http://reactor.inform.kz