«Жаман әке болмадым»: Тұрсен Алагөзов балаларымен қандай қарым-қатынаста екенін айтты
Белгілі бизнесмен, кәсіпкер Тұрсен Алагөзов бірінші некесінен дүниеге келген балаларымен қандай қарым-қатынаста екенін айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Танымал кәсіпкер Forbes Kazakhstan арнасына сұхбат беріп, өміріндегі өзгерістер жайлы сыр шертті.
Айта кетейік, кәсіпкер шоу-бизнес өкілі, продюсер Баян Мақсатқызымен шаңырақ көтергесін балаларымен араласпай қалған еді. Бүгінде қарым-қатынас дұрысталып, жиі көрісетінін жасырмады.
“Балаларыммен ара-қатынасымыз өте жақсы. Қызымның жасы – 33 те. Ұлым маусым айында 28 жасқа толады. Екеуі де ересек адамдар. Қызым тұрмысқа шықты. Баласы бар. Өзінің отбасы бар. Ұлым Мәскеуде тұрады. Қызым Амман қаласында тұрады. Мен жаман әке болмадым. Қызымның сыныбына өте көп көмектестім. Ата-аналар комитетінің төрағасы болдым. Бизнестерімді қайтып алғаннан кейін қарым-қатынасымыз да жақсара түсті. Қызымды түсінуге тырысамын, өйткені әйелдік болмысқа салынып, маған ренжуі де мүмкін. Уақыт өте келе бәрі қалпына келді. Ұлыммен күн сайын сөйлесеміз. Немерелерімді көріп тұрамын. Қызым балалы болғанда мен қонақ болып барып қайттым”, – деп жан сырын ақтарды кәсіпкер.
Сонымен қатар кәсіпкер жастық шағын есіне алып, қай кезде көп ақша тапқанын айтып берді.
“Менің бизнесім туралы айтыла бастағанда бұрынғы әйелімнің есімі қатар аталады. Өткенді қозғағым келмейді. Бәрі өтті, қалпына келді. Бала кезімнен бизнеспен айналыстым. Бұрынғы әйелімнің атына аударғанда менің қолымда түк қалмады. Неден бастаймын, аяққа қалай тұрамын” деп өзімді өзім қамшылап, есімді тез жинадым. Өйткені бизнес бастау ұғымы менің бала күнімнен санамда жатталған. Бірінші рет 22 жасымда тапқан табысыма көлік алдым. Биыл хит болған сусынымыздың шыққанына – 20 жыл толады. Алғаш ашқан жылдары Тастақ базарына барып, адамдарға сатып, дәмін татқыздық. Қазір мен сол базардың маңын қатты жақсы көремін. Жастық шағымынң куәсі. Мен өзім өндіретін тауардан ұялған емеспін. Сен бизнесіңді жақсы көрсең, ақша саған өзі-ақ келеді”, – дейді атышулы кәсіпкер.
Еске салайық, «Кәсіпорынның хәлі мүшкіл» деп Тұрсен Алагөзов Шымкент сыра зауытына қатысты шындықты айтқан еді.