Жалпыға ортақ еңбек қоғамы | «Айқын» газеті
Қазақстандық қоғамды әлеуметтiк жаңғыртудың жаңа кезеңiнiң идеологиясы. Алғаш рет идеологияның тезистерi 2012 ж. 3 шiлдеде Индустрияландыру күнi ауқымында баяндалған болатын. Президент 2030 жылға дейiн Әлеуметтiк дамудың жалпыұлттық концепциясын құру мiндетiн қойды. Одан кейiн Президенттiң «Әлеуметтiк жаңғырту: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты iргелi мақаласы шықты. Осы мақаланың шығу контекстiн белгiлеп кету өте маңызды. Еуропада жұмыссыздық кенеттен көтерiлiп кеткен кезде Қазақстан өзiнiң халқын жұмыспен қамтамасыз ету ниетiн барынша айқын жариялаған.
Президент Жалпыға ортақ еңбек қоғамының 5 қағидасын ұсынды:
Эволюцияшылдық. Жаңғырту үдерiстерiнiң алгоритмi кейiн қалған салаларды, өңiрлердi, әлеуметтiк топтарды қолда бар стандарттар мен әлеуметтiк даму көрсеткiштерiне «тартуға» негiзделуi тиiс.
Ортақ жауапкершiлiк. Әлеуметтiк жаңғыртудың барысы мен нәтижесi үшiн жауапкершiлiктi тек мемлекет пен оның барлық басқару деңгейлерi ғана емес, сондай-ақ жеке меншiк құрылымдар, барлық қоғам бөлiсуi тиiс.
Әрiптестiк қатысу. Әлеуметтiк әрiптестiктi белсендi дамыту, елдiң мемлекеттiк емес сек-торын, бiрiншi кезекте, әлеуметтiк саланы жаңғыртуға қатысуын кеңейту үшiн жағдай жасау маңызды.
Ынталандыру. Адал еңбекке ынталандырудың жолын табу, еңбек табыстарын қоғамдық ынталандырудың жүйесiн құру.
Кәсiбилiк. Барлық қабылданатын шешiмдер егжей-тегжейлi есептелiп, әлемдiк тәжiрибенi оқып-үйрену негiзiнде ғылыми дәлелденген ұтымдылық қаперге алына оты-рып қабылдануы тиiс.
Мақаланың негiзгi мәнi — еңбекке қабiлеттi халықты өнiмдi еңбекке, бiлiктiлiктi жоғарылатуға ынталандыру. Жалпы, мақала адамдарды масылдық райынан қайтаруға және шамадан тыс патернализммен күресуге бағдарланған. Бұл жағдайда келесi тапсырмаларды бөлiп көрсетуге болады:
Өзiн-өзi еңбекпен қамтыған халықты айқындау жөнiндегi жаңа әдiстеменi ескере отырып, жұмыссыздық деңгейiн айқындаудың әдiстемесiн жетiлдiру;
2020 ж. дейiнгi бiлiктiлiктiң ұлттық жүйесiн кезең-кезеңiмен әзiрлеу жоспары;
Еңбек тәртiбiнiң күшеюi және еңбек ұжымдарында жанжалдардың пайда болуына түрткi факторлармен күрес жүргiзу;
Өмiр сапасының ең төменгi әлеуметтiк стандарттарын енгiзу;тұрғын үй құрылысын ынталандыру;
Жастармен тәрбие жұмыс жүргiзу үшiн ұлттық тарихты оқытудың сапасын жоғарылатудың шаралары;әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн дамыту, оның iшiнде денсаулық сақтау бойынша да;
«Ақпараттық Қазақстан-2030» мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеу.
Мақалада берiлген тапсырмалар Үкiметтiң 2012 жылдың 23 шiлдесiнде қабылдаған №961 «Елбасының «Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыруы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында берiлген тапсырмаларын орындаудың шаралары жайлы» жоспарында көрiнiс тапты. Әлеуметтанулық зерттеулердiң көрсетуiнше, доминантты нарықтық қатынастарды есепке ала отырып, Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеологиясын алға тарту халық үшiн күтпеген жағдай болды. Кейбiреулер бiрден бұл мақаланың мәнiн түсiне алмады. Дегенмен, халықтың негiзгi бөлiгi бұл идеологияны Президент Н.Ә. Назарбаевтың ойының өнiмi ретiнде қабылдап, қолдады. Кейiн халықтың зейiнi Жалпыға ортақ қоғамның идеологиясын бойына сiңiрген «Қазақстан-2050» стратегиясы сияқты кең құжатқа ауысқан болатын.
Алматы қаласы Әділет департаментінің ұйымдастыру-талдау бөлімнің бас маманы М.Кожахметова