Жалпы митинг деген әурешілік, уақытың кетеді, жүйкең тозады: «Тәлім Trend» жаппай сынға ұшырады

0

«Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Тәлім Trend» бағдарламасы осы уақытқа дейін де әлеуметтік желіде жаппай наразылық тудырған еді.

Соңғы шығарылымы да халықтың сынына ұшырады.

Журналист Дархан Өмірбек өз парақшасында осы тақырып туралы арнайы жазба жариялады.

Төменде журналистің жазбасын ұсынамыз:

«Қазақстан» арнасында Мұхамеджан Тазабек пен Рахат Жақсыбай жүргізетін «Тәлім Trend» дейтін бағдарлама бар. Өткен аптада жарық көрген түсірілімінде «Митинг, митингке шығу мәдениеті» тақырыбын көтеріпті. Қонақтар: өзін журналист санайтын Айдос Жұқан мен өзін жағымпаз санамайтын Олжас Сүлеймен.

Шыдамыңыз жетсе, мына үзінділерді оқып көріңіз.

Әр үзіндінің соңына сілтеме қойдым. Соны бассаңыз, тура сол үзіндіге түсесіз.

Айдос Жұқан:
Біздің қазақ қоғам митингке дайын емес және митинг мәдениетін үйренбегенбіз. Барған соң не айту керек, не қозғау керек. Алға қандай мақсат қойып бару керек. Биліктен не басқа тараптан не талап етуге болады. Кез келген митингіге бармас бұрын заң жүзінде арыз жазу, соттасу, талап тілек шағым қалдыру… одан шешілмеген жағдайда ғана митингіге шығуға болады. https://youtu.be/eHPxtKkJzBQ?t=156

Мұхамеджан Тазабек:
Жалпы шеру, митингі деген әурешілік. Әуре ғой. Уақытың кетеді, жүйкең тозады. Оның арғы жағында мына жақта полиция келеді, мына жақта қара халық келеді, қандай жағымсыз көрініс. Атам қазақ не деуші еді, «Ел аман, жұртымыз тыныш болсын» деуші еді. https://youtu.be/eHPxtKkJzBQ?t=589

Мұхамеджан Тазабеков:
Енді митингі десе, шеру десе ең жақын бауырлас ел Қырғызстан еске түседі ғой. Сол Қырғызстаннан шеру мәселесінің майын ішкен, соның ортасында жүрген көркем, деректі фильмдер түсірген режиссер ағамыз Өмірзақ Телебеков скайпта. https://youtu.be/eHPxtKkJzBQ?t=852

Өмірзақ Төлебеков, қырғыз режиссері:
2005 жылы митинг арқылы Ақаевты биліктен кетірді. Жүзден аса адам қайтыс болды, 2300 адам инвалид болып қалды. Содан экономика нашарлап, ел тұрмысы нашарлап, 6 миллион халқы бар Қырғызстанның еңбекке жарамды 3 миллион азаматтың тең жартысы яғни 1,5 миллион жер жүзіне тарап кетуге мәжбүр болды. Қысқасы, қырғыз халқы революциядан жалықты. https://youtu.be/eHPxtKkJzBQ?t=902

Олжас Сүлеймен:
Қырғызстанға барған кезде сол жақта 99 пайыз мен кездескен адамдар айтады «Нам бы Назарбаева» дейді. Әттең-ай, сіздерде сондай тұлға бар ғой, бізге сондай тұлға жетіспей тұр дейді. Осы елді қолға алып, реттейтін деп. Бұл ақиқат нәрсе, оны ашық айту керек. Бір жағымпаздану үшін емес, жаңағы нұротандық болғаннан емес.
https://youtu.be/eHPxtKkJzBQ?t=1249 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аталмыш бағдарламаның жабылуын белсенді түрде талап етіп жүрген журналист Ая Өміртай арнайы алматыдағы ағаш кесілген цифрлы техника дүкенінің алдына келіп, жалғыз адамдық пикет өткізген болатын. Ол бұл әрекетін Тоқаевтың назарын аудар деп түсіндіреді.