«Жалғыз ұлымды әскерге бердім»: Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздың әкесі министрлікке видеоүндеу жолдады

0

Ұлының өлімі абайсызда емес, қасақана болды дейді ол. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстауда қаза тапқан мерзімді қызметтегі сарбаздың әкесі қорғаныс министріне жан-жақты тергеу жүргізуді талап еткен видеоүндеу жолдады.

Instagram қолданушысы Дамир Көшеевтің парақшасында өзін Маңғыстауда қаза тапқан мерзімді қызметтегі сарбаздың әкесімін деп таныстырған азаматтың видеоүндеуі жарияланды.

«Ақтауға бара жатырмын. Ұлымды бетінен атып өлтірді. Бұл абайсызда болған жағдай емес. Қару атылып кету үшін сақтандырғыштан алу керек. Бұл абайсызда болмайды. Қазір ол қамауда дейді», – дейді ер адам.

Әкесі істің бұрмаланып кетуінен қорқатынын жеткізді. Сондықтан министрден істі жеке бақылауына алып, шындықтың ашылуына көмектесуін сұрады.

«Барлығын толыққанды зерттесе деймін. Қазір Ақтау қалалық тергеу комитетіне барамын. Әрі қарай ұлымның мәйітіне сараптама жасалатын орынға баруым керек», — деді ер адам видео хабарламасында.

Еске салсақ, 7 қыркүйек күні Маңғыстау облысында оқыс оқиға болды. Әкери полигонда мерзімді қызметтегі сарбаз ауыр жарақат алып, көз жұмғанын хабарлаған едік.

https://smartnews.kz/news/13738-zhalgyz-ulymdy-askerge-berdim-mangystauda-kaza-tapkan-merzimdi-kyzmettegi-sarbazdyn-akesi-ministrlikke-videoundeu-zholdady