«Жалғыз мен емеспін»: Жұлдыз Абдукаримова өзін алдаған құрылыс компаниясына қатысты жаңа деректерді бөлісті

0

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Абдукаримова өзіне үй берем деп уәде беріп, орнына пәтерін тартып алған құрылыс компаниясының сотына қатысты жаңа деректерді бөлісті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін актриса Жұлдыз Абдукаримова құрылыс компаниясына алданып, төрт баласымен баспанасыз қалғанын айтқан еді. 

Абдукаримова әлеуметтік желіде өзіне қолдау білдіргендердің барлығына алғысын білдіріп, алаяқтардың айла-амалына қалай түсіп қалғанына әлі таңырқап жүргендерге жауап берді.

“Сотқа байланысты маған қолдау білдіріп жатқан әр жанға алғыс білдіргім келеді. Қалайша бұлай болды дегендерде бар. Білесіз бе, алаяқ деп маңдайына жазып алмайды екен. Мен сияқты сан соғып қалғандар да хат жолдауда. TumarGrandVillage құрылыс компаниясынан үй алып, алданып қалған жалғыз мен емеспін. Бірнеше адам болып, сотқа шағым түсірдік”, – делінген Жұлдыз Абдукаримованың жазбасында.