Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі жекпе-жегінен кейін мансабын аяқтады

0

ММА шебері Жалғас Жұмағұлов (14-8) төрешілердің кезекті даулы шешіміне жауап ретінде видео жариялады.

«Жекпе-жекті бәріңіз көрдіңіздер, не айтайын? Айтатын ештеңе жоқ. Бұл менің соңғы жекпе-жегім. Маған жанкүйер болғандарыңыз үшін рахмет. Енді айқасқым келмейді. Нешінші рет айқастым – төрешілер маған бермейді. Барымды салып еңбектеніп жатырмын, алайда нәтиже осындай. Мен мұны эмоцияға салынып айтып тұрғаным жоқ. Маған жанкүйерлік еткендеріңізге рахмет», — деді Жұмағұлов.

Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов америкалық спортшы Чарльз Джонсонмен (12-3) жекпе-жек өткізіп, төрешілердің әртүрлі шешімімен жеңілді. ММА-дағы көптеген сарапшы төрешілер қазақстандық спортшыға кезекті рет әділетсіздік танытты деп есептейді.