Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді (видео)

0

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов (13-5) Лас-Вегас қаласында өткен UFC 264 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Отандасымыз америкалық Джером Риверамен (10-5) кездесіп, бірінші раундта қарсыласын қылдындырып тасады.

Осылайша Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы бірінші жеңісіне қол жетткізді. Ал жалпы бұл қазақстандық спортшының аралас жекпе-жектегі 14 жеңісі.

Айта кетейік, Жұмағұлов UFC ұйымындағы үшінші кездесуін өткізді. Бұған дейін ол осы ұйымдағы бірінші кездесуде бразилиялық Раулиан Пайвадан, кейін швециялық Амир Альбазиден жеңіліп қалған болатын.

«Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Бірінші кездесуім сәтсіз болған еді. Екінші кездесуім де дәл солай болды. Сол үшін өз елімді жеңіспен қуантқым келді. Менің отандастарым ұйықтап жатқан жоқ. Мен оны білемін. Барлығы осы кездесуді күтті. Мен бүгін отандастарым үшін төбелесіп, жеңіске жеттім. Осы кездесуге ұзақ дайындалдым. Бапкерлерім қарсыласты толық зерттеді. Біз оны не құлатып, не сабмишнмен жеңеміз деген жоспар құрдық. Жоспар ойдағыдай болды», — деді Жұмағұлов жекпе-жектен кейін.