«Жалған және манипуляция» — фактчекерлер Медведевтің Қазақстан туралы парақшасындағы жазбаны талқылады

0
127

Factcheck.kz сайтының журналистері Ресейдің экс-президенті Дмитрий Медведевтің жариялап, 10 минуттан кейін өшірілген жазбасындағы мәліметтердің дұрыс-бұрыстығын талқылады.

«Кеңес Одағы ыдырағанға дейін Солтүстік Қазақстан халқының 65,2%-ын славяндар құрады». Дмитрий Медведевтің VK ресми жазбасындағы бұл сөйлемі жай ғана манипуляция.

ҚР Ұлттық статистика бюросы (БНС) ұсынған деректерге сәйкес, 1989 жылғы Бүкілодақтық халық санағының нәтижелері келесідей болды: Қазақстанның солтүстігіндегі негізгі этнос халқы (қазір — төрт облыстың аумағы: Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Павлодар) 3 981 936 адамды құрады; оның ішінде: 60%-славян халқы, яғни олар орыстар, украиндар және белорустар. Орыс халқы 47%, қазақ халқы 25%-ды құрады. Алайда, Қазақстанның мемлекеттілігі мен аумақтық тұтастығына күмән тудыратын хабарламада бұл манипулятивті тұжырым болып табылады.

Фактчекерлердің айтуынша, мұны түсіну үшін келесі сұраққа жауап беру керек: «Неліктен Қазақстанның солтүстік аймақтарында Кеңес Одағы құлағанға дейін көп бөлігінде славяндар өмір сүрді?»

«XIX ғасырдың екінші жартысынан баста Ресей империясында отарлауға ұшыраған қазақ жерлерінің аумағына шаруалардың жаппай қоныс аударуы басталды. Мұны жазба авторының өзі растап отыр. Бұл процесс алғашында жоспарлы түрде жүзеге асқан. Себебі шаруаларды көтерілістерден алшақтатып,  жергілікті жерлерде әлеуметтік тірек құру үшін осындай бастама қолға алынды. Дегенмен Столыпин аграрлық реформасы қабылданғаннан кейін ерекше қарқынмен қоныс аудару орын алып, Сібірден басқа шаруалар қазақтың Ақмола, Торғай, Семей, Жетісу және Сырдария облыстары сияқты межелі пунктерге көшіп келе бастады. Кеңес Одағы кезінде шекаралардың ортақтығына байланысты азаматтардың қозғалысы әдеттегі процеске айналды. Орыстардың Қазақстанға көшуі әр түрлі себептермен (индустрияландыру, тың игеру) жалғасты», — дейді авторлар.

Қазақстанның демографиялық құрылымының өзгеруіне басқа да тарихи оқиғалар әсер етті. Мәселен, 1930 жылдардың басындағы ашаршылық кезінде 1,5 миллионнан 4 миллионға дейін адамдар көз жұмды. 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін кезінде, тарихшылардың айғақтарына сәйкес, 120 мыңнан астам қазақстандық қудаланды, 25 мыңға жуық адам атылды.

«Осылайша, Солтүстік Қазақстан аумағында славяндардың басым болуы патша мен Кеңес саясатының салдары болып табылады», — деп нақтылады фактчекерлер.

БНС деректері бойынша, 2022 жылдың басында Солтүстік Қазақстанның төрт облысындағы орыс этносының үлесі 38%-ды құрайды.

«Қазақстан – жасанды мемлекет, бұрынғы орыс аумақтары, мысалы Гурьев, Семей, тіпті Алматы қалалары 1924 жылға дейін Верный деп аталды» деген тұжырым манипуляция болып табылады.

«Біріншіден, Қазақстан — тәуелсіз, халықаралық қауымдастық (оның ішінде Ресей) мойындаған мемлекет, 1992 жылдан бастап БҰҰ-ның толық құқықты мүшесі. Екіншіден, кейбір ресейлік саясаткерлердің бұрынғы орыс территориясы туралы пікірлері манипулятивті және шындыққа жанаспайды. Олар осы арқылы тарихи кезеңдерге назар аударуды көздейді. Гурьев (қазіргі – Атырау), Семей (қазіргі – Семей қаласы) және Верный (қазіргі – Алматы қаласы, ол 1921 жылы солай аталды) бекіністерін патша әскерлері тұрғызған, бірақ бұрын бұл аумақтар Қазақ хандығына тиесілі болды. Бұл ретте Семей жоңғардың Доржинкит қаласына жақын жерде салынды, ал Верный қаласының орнында бір кездері ортағасырлық Алматы қаласы болған», — дейді зерттеушілер.

Олардың айтуынша, қазіргі Қазақстанның аумағында Ресей империясы мен Қазақ хандығына дейін басқа да мемлекеттік бірлестіктер болған, ал мемлекеттердің шекаралары соғыстар мен өзара қақтығыстардың салдарынан үнемі өзгеріп отырған.

«Егер «жасанды мемлекет» деген ұғымға анықтама берсек, ол өзіндік тарихы мен мәдениеті жоқ, өзге алып империялардың басшылығымен құрылды дегенді білдіреді. Мысалы, бұл терминді Украинаға қатысты ресейлік үгіт — насихат белсенділері қолданды. Қазақстан бұл дефиницияға түспейтіні анық. Қазақтардың өз тарихы мен мәдениеті бар, Тәуелсіз Қазақстан Республикасы пайда болғанға дейін және Ресей империясы Орталық Азияға келгенге дейін өз мемлекеттілігі болған«, — дейді фактчекерлер.

Сондай-ақ, желіде Косово, Әзірбайжан және тіпті АҚШ-тың жасандылығы туралы мәлімдемелерді кездестіруге болады.

Қазақ хандығының құқықтық жүйесі бар толыққанды мемлекет ретінде өмір сүруін халықаралық тарихи ғылыми қауымдастық, соның ішінде Ресей қауымдастығы да мойындайды.

Хандық — мемлекет (тайпалар одағы) басында Хан деген атағы бар жоғарғы билеуші тұрған түркі монархиясының дәстүрлі түрі.

«Ықылым заманда Қазақстан билігі республика ішінде орыстардың геноциді сияқты түрлі этникалық топтарды көшіру жөніндегі бастамаларды іске асыра бастады», — деген тұжырым да бар. Бұл манипулятивті жалған түсінік.

«Қазақстан ішінде түрлі этностық топтардың қоныс аударуын (тіпті қандай да бір басқа елдің) орыстардың геноцидіне жатқызуға болмайды. БҰҰ Конвенциясы бойынша «геноцид» — қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топты толығымен немесе ішінара жою ниетімен жасалатын іс-әрекеттер: топ мүшелерін өлтіру, оларға ауыр дене жарақатын салу, зиянды әрекеттерді қасақана жасау, толық немесе ішінара физикалық жою, осындай топтың ортасында бала тууға кедергі келтіретін шаралар. Жоғарыда аталғандардың ешқайсысы Қазақстанда қолданылмайды, — делінген хабарламада.

Фото: ura.news