Жалған «техосмотр» ұсынғандар ұсталуда | «Айқын» газеті

0

Алматыда техникалық байқаудың жалған диагностикалық карталарын сатып жүрген бір топ азамат қолға түсті.

Көлік комитетінің тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті автокөлік құралдарының техникалық қарап-тексерудің жалған диагностикалық карталарын анықтауға қатысты іс-шаралар жүргізді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты «жасырын сатып алушы» ретінде техникалық байқаудың жалған диагностикалық карталарын жасау фактілерін анықтау. Бұдан бұрын Инспекциямен аталған іс-шараларды жүргізу бойынша Департамент өкілдерінің қатысуымен тиісті рейдтік шараларды өткізу туралы мәселелер талқыланған болатын.
Кеңес барысында Департаментпен қазіргі уақытта А. Рахимбеков есімді азаматтан техникалық байқауды өткізудің заңдылығына қатысты келіп түскен өтініштерінде келтірілген дәйектерді анықтау бойынша жедел жұмыстардың жүргізіліп жатқандығы баяндалды.
Атап айтқанда, өтініш иесі техникалық байқау операторларымен автокөлік құралын ұсынбай диагностикалық карталарды ұсыну қызметінің www.olx.kz интернет-ресурсында жарнамаланып жүргені және оның қаншалықты заңды екендігін анықтауды сұраған.
Атқарылған іс-шаралар барысында «Honda» маркалы (C-RV моделі) мемлекеттік нөмірі 995VKА05 автокөлік құралын ұсынбай 4 000 теңгеге техникалық байқаудан өткізу келісімі жүргізілді. Осы орайда, автокөлік құралы техникалық байқау орталығына кірмей сағат 10:35 шамасында аталған нөмірге whatsapp мобильді қосымшасы арқылы автокөлік құралының техникалық куәлігі және автокөлік құралының суреті жіберілді.
Бұған қоса, 2018 жылғы 13 қараша сағат 15:40-та Алматы қаласының Шевченко-Амангелді көшелері қиылысында А.Б. есімді азамат техникалық байқаудан өткені туралы диагностикалық картаны ұсынды және қызметі үшін 4 000 теңге алды.
Берілген факт бойынша аталған азамат полиция қызметкерімен ұсталып, Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің Алмалы ауданы Ішкі істер басқармасына жеткізілді. Бұл бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (ЕРДР) ҚР Қылмыстық кодексінің 385 бабы бойынша
2018 жылғы 13 қарашадағы № 187511031007523 іс тіркелді (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) (қосымша ұсынылады).
«Техникалық байқау» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы аталған диагностикалық картаны тексеру барысында оның Астана қаласында тіркелген «BOMOND» ЖК техникалық байқау операторымен берілгендігі анықталды.
Осыған орай, қолданыстағы заңнамамен қарастырылған тәртіпте тиісті шараларды қабылдау үшін Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясына 2018 жылғы 15 қарашадағы № 20-11-05/4519 хат жолданды.

Анар Қоныс