«Жалақысыз қалдық, отбасымыздан ажырадық»: Павлодарда карантинге жіберілген дәрігерлер билікке үндеу жолдады — Қазақстан жаңалықтары

0

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы Павлодардағы №1 қалалық аурухананың медицина қызметкерлерінің Instagram әлеуметтік желісінде тараған өтініші бойынша қажетті шаралар қабылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

карантин

Қазіргі уақытта ШЖҚ-дағы «№1 қалалық аурухана жанындағы» КМК-нің терапевтік бөлімінің 12 медициналық қызметкері 13 күн бойы байланысушы ретінде карантиндік ауруханада жатыр.

Олар карантинде болған кезде тек ауруға байланысты демалысқа шығып, соған тиесілі төлемді ғана аламыз деп алаңдап отыр. Сонымен қатар, оларды жоғарыда көрсетілген медициналық ұйымда өздері карантинде бола тұра карантиндегі науқастарды емдеуді жалғастырушы әріптестері бірінші, екінші және үшінші санаттағы тәуекелдерге сәйкес сыйақы, сондай-ақ жалақы ала ма деген сауал мазалайды.

«Біз жалақысыз қалдық, отбасымыздан, балаларымыздан және ата-анамыздан алыстадық. Біздің ұйым госпиталдегі адамдар туралы ұмыта отырып, тек 50 медицина қызметкерін гуманитарлық көмек алуға ұсынды, моральдық да, гуманитарлық да көмек көрсетпейді», — деп жазды медицина қызметкерлері Instagram желісіндегі үндеуінде.

Павлодар облысының әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасы туындаған жанжалды жағдайға жедел әрекет етті.

«Осы мәселе бойынша Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың, денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б. Досмаиловтың, «№1 қалалық аурухана» ШЖҚ КМК бас дәрігері С. Смаковтың және терапевтік бөлімше ұжымының қатысуымен онлайн-конференция өткізілді»,  — деді олыстық денсаулық сақтау басқармасында.

Медицина қызметкерлерімен әңгімелесу нәтижесінде облыс әкімінің орынбасары А.Оралов денсаулық сақтау басқармасы мен «№1 қалалық аурухана» ШЖҚ КМК бас дәрігеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш білдірген медицина қызметкерлеріне лайықты еңбекақы төлеу мәселесін пысықтау және ұсыныстар енгізу туралы тапсырма берді.

«Сондай-ақ, ол шешім медициналық қызметкерлердің пайдасына қабылдануы тиіс екендігін атап өтті», — делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

stan.kz