Жалақысының жартысынан көбін оқушыларға беріп отырған мұғалім 1 миллион доллар көлемінде сыйлықақы алды — Қазақстан жаңалықтары
Кения ауылдарының біріндегі мектепте мұғалім жалақысының үлкен бөлігін кедей оқушыларға беріп отырған. Енді оның еңбегі бағаланды. Бұл туралы BBC Русская служба басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.
Питер Табичи жаратылыстану ғылымынан сабақ береді. Әрі ол фрацискандықтардың діни Орденына мүше. Табичи жыл сайынғы Global Teacher Prize премиясының лауреаты атанды. Ол әлемдегі ең үздік мұғалім мәртебесіне ие болып, бір миллион доллар көлемінде сыйлықақы алды.
Мұғалім ай сайын жалақысының 80 пайызына жуығын ең кедей балаларға жұмсайды. Ата-анасына айырылып, шарасыз күйді кешіп жүрген оқушыларына оқулықтар мен форма алып береді.
Табичи сабақ беретін мектепте мұғалімдер мен оқу қуралдары жоқтың қасы. Бір сыныпта 70-80 бала білім алады. Көптеген балалар мектепке келу үшін алты километрден аса жаяу жол жүреді.
«Ақша — барлық дүние емес», — дейді Питер Табичи. Мұғалім балалардың ғылымға деген махаббатын оятуға үміттенеді.
stan.kz