​Жалақысы 130 мың долларды құрайтын жұмыс орны ашылды

0

​Жалақысы 130 мың долларды құрайтын жұмыс орны ашылды

Калифорния штатында маяк қарауылшысы деген вакансия ашылды. Мұнда жұппен жұмыс істейді.

Маяк пен қонақүй Сан-Францискоға жақын жерде орналасқан. Жаңа қызметкерлерге жылына 130 мың доллар жалақы төлейді. Тамағы мен тұратын жері тегін. Бірақ жұмыс берушілер мұнда телеарна мен интернет жоқ екенін ескертеді.

Үміткерлер маяк пен қонақүйді ұстау бойынша барлық жұмысты атқаруы қажет. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп, пен аралға келіп-кеткен қонақтар есебін жүргізуі тиіс.

Дереккөз: Сегодня

Дереккөз: http://reactor.inform.kz