Жалаңаш төсін көрсеткен бойжеткен өзін сынаған елді мазақ қылды (видео)

0

Желіде жалаңаш төсін көрсетіп танылған ару өзіне мыңдаған керағар пікір жаудырған көпшілікке жауап берді. Бойжеткен өз парақшасына елден кешірім сұраған видеосын салып, оның соңында өзін сынға алғандарды мазақ қылған деп жазады NUR.KZ.

Дүйім жұрт күткен «кешірім видеосын» төсін жалаңаштаған ару өзінің Instagram парақшасына жүктеп қойған. Алайда, ондағы бойжеткеннің қылығы онсыз ашулы халықты одан бетер ызаландырған.

Бейнежазбаның басында Шырын есімді қыз елден кешірім сұрағандай кейіп танытқан. Бірақ, сөзінің соңында бойжеткен өзіне қатысты керағар пікір жазғандарды балағаттап, мазақ қылды.

Видеоны соңына дейін көріп, жалаңаштанған арудың өз ерсі қылықтары үшін мүлде өкінбейтінін аңғаруға болады. Шырын Нарчаева көпшілікті балағаттағанымен қоса, видеода ортанғы саусағын шошайтып көрсеткен.

«Мен барша қазақ халқынан кешірім сұраймын. Өз қылықтарым, видео және суреттерім үшін қатты өкінемін, ұяламын. Мен өз қатемді түсіндім. Осылай айтады деп күттіңдер ме?» , — деп айтты ару видеода.

Оған қоса, Шырын видеоның астына арнайы жазба қалдырған.

«Қорқытып, қоқан-лоққы көрсеткендер де болды. Артымнан аңдығандар да болғаны рас. Алайда, мен берілмеймін. Барлық ұятмендер жоғалыңдаршы. Өз өмірлеріңмен өмір сүріңдер» , — деген бойжеткен.

Айта кетейік, бұған дейін сәукеле киіп, шешінген қазақ қызы халықтың ызасын тудырған. Өзіне жаудырылған кері пікірлер салдарынан ару қоқан-лоққыға тап болып, желіге жылаған видеосын жүктеген болатын.