Жайық өзенінде балықтың қырылу фактісі бойынша «Атырау Су Арнасы» КМК-на қатысты тексеру аяқталды

0

Брифинг барысында «Атырау Су Арнасы» КМК  Жайық өзеніне тастайтын судағы зиянды заттар көрсеткіштерінің артуына жүргізген тексеріс қорытындысы ресми түрде жарияланды.

Тексеру барысында ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Департамент №1 өнеркәсіптік алаң — Атырау қаласындағы су құбыры тазарту имараттары (СТҚ) арқылы Жайық өзені суының сынамаларын іріктеп алды.

— Сынақ нәтижелері бойынша хлоридтер бойынша асып кету анықталды. Атап айтқанда, хлоридтердің нақты көрсеткіші 505,596 мг/дм3 құрады . Шекті жол берілетін көрсеткіш 108 мг/дм3 болғанда төгіндіде асып кету 396,6 мг/дм3 құрады. Осылайша, «Атырау Су Арнасы» КМК тарапынан ҚР Экологиялық кодексінің табиғат пайдаланушының ағынды суларда ластаушы заттардың шоғырлануын белгіленген нормативтерден асырмауы туралы айтылған 225-бабы 4-тармағының талаптары бұзылды, -деп Атырау облысы бойынша Экология департаментінің таратылған хабарламасында айтылған.  — Сондай-ақ, кәсіпорын ағынды суларды есепке алу журналын жүргізбеген.

Тексеру нәтижесі бойынша Департамент «Атырау Су Арнасы» КМК-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабы бойынша белгіленген нормативтен асып кеткендігі үшін әкімшілік іс қозғады.

Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Арман Мулдашевтің айтуынша ведомствоаралық комиссия мүшелерімен бірлескен жұмыс барысында Жайық өзенінен 4 тонна 165 кг өлген балық жиналды. Биологиялық ортаға жалпы сомасы 4,2 миллион теңге шығын келтірілген.

— Сонымен қатар, біз Жайық өзенінің түбіне сүңгуір түсірдік, ол 30 метр радиустағы аумақты зерттеді. Түсу балық қыстайтын «балық шұңқырлары» бар екі жерде жүргізілді. Өзен түбінде өлі балық ұшасы табылған жоқ. 19 желтоқсанда Геолог кентінде балықтың қырылуына қатысты, бұл таяз суларда оттегінің жетіспеуінен пайда болатын балықтың қырылғаны анықталды, бұл – табиғи себеп.  Геологта ауланған балықтың жалпы салмағы 230 кг құрады, — деді Арман Молдашев.

Айта кетейік, 6-25 желтоқсан аралығындағы кезеңде «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облыстық филиалы барлығы 84 сынама зерттеді, оның ішінде Жайық өзенінің суы – 69 сынама, СТҚ су ағызу құдығы – 8 сынама және Атырау қаласындағы СТҚ су құбырының суы – 7 сынама.

— Бактериологиялық және химиялық көрсеткіштерге зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша барлық іріктелген сынамалар СанЕжН талаптарына сәйкес келеді, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірмейді. Сонымен қатар, 8 желтоқсанда «Ұлттық сараптама орталығы» АФ-на Жайық өзенінен тірі балықтың 7 сынамасы алынып, зертханалық зерттеуге жіберілді, сәйкес келмейтіндер жоқ, — деп қорытынды шығарды Экология департаменті.

Қазіргі уақытта экология департаменті мен құқық қорғау органдары Жайық өзеніне су ағызуды жүзеге асыратын тағы үш кәсіпорынды тексеруді жалғастыруда. Сонымен, Жайық өзенінде балықтың жаппай қырылуының себебі мен кінәлілер қылмыстық істі тергеу аяқталғаннан кейін анықталатын болады.

Дереккөз: http://egemen.kz/