Жайық өзенінде ақмарқа балық қырылды — Ел жаңалықтары

0

Атырауда өзендегі ақмарқа балық қырылды, — деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, бұл әуелі әлеуметтік желілерде айтылды — Жайық бетінде ақмарқалардың жайрап жатқаны. Артынша әуесқой түсірілімдегі көріністер көзге түсті. Атырау халқын алаңдатқан оқиғаға тілшілер назар аударып, тиісті мекемелерден ақпарат сұрады.

Облыстағы балық шаруашылығы саласының басшылығы мән-жайды білу үшін ведмоствоаралық комиссия құрылғанын, оның құрамына облыстағы өкілетті органдардың мамандары бар екенін айтты. Балықтардың неден қырылғанын солар анықтауы тиіс.