Жайық өзені тартылуға жақын

0
Белгілі блогер Әділбек Жапақ facebook парақшасында Ресей бөгеттер салып, Жайық өзенінің тартылуына әкелуде дейді. Жазбасында Еркебұлан Смадияровтың Жайық туралы бейнежазбасын ұсынады.
» Бүгін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Сырдария өзені бассейніндегі апатты жағдай туралы айтты. Сол кезде ортақ чаттағы министрлік өкілінен Жайыққа қатысты ұстанымдарын сұрап едім. Минстрліктің Трансшекаралық өзендер департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес,
Жайықтың тартылуының бірден бір себебі- қазір Жайық-Урал бассейнінде аз сулы кезең циклінің жүріп жатуы. Білмеймін, Жайықтың жағадан қанша жылдан бері дәл осылай қашықтап кетуін бірінші рет көріп тұрмын. Әрі оған ең басты себеп — Ресейдің жоғары жақтан бөгеттер салып, суды қолдан бұруы дер едім. Ресей, бір сөзбен айтқанда, Қазақстанды қыспаққа алу, өзіне кіріптар қылудың тағы бір тетігін тапқан сияқты. Қалай ойлайсыздар?» дейді Әділбек Жапақ.