Жайна Сламбек «Хабар» арнасының директоры лауазымына тағайындалды

0

Журналист Жайна Жақсылықова «Хабар» арнасының директоры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Берік Уәли мәлімдеді, — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгіннен бастап Жақсылықова Жайна Сламбекқызы “Хабар” арнасының директоры лауазымына тағайындалды. Жайна журналистиканың өз жауынгері. Көрермен қауым оны сараптамалық бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі ретінде жақсы таниды», — деп жазды ол Facebook-те.

Берік Уәли әріптесін жаңа қызметімен шын жүректен құттықтап, сәттілік тіледі. «Хабардың» дамуына қосар үлесіңіз зор болады деп сенемін!» деді ол.

(фото rtrk.kz сайтынан алынды)