Жаяу жүргіншіні қағып өлтірген сәт видеоға түсіп қалды

Азияда
Қысқа сілтеме алу
Mercedes-Benz Sprinter 40 жастағы ер адамды қағып кетті
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Бішкекте жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Қайғылы оқиға видеоға түсіп қалған.
Трагедия 13 сәуір күні шамамен сағат 18:00-де Дооронбек Садырбаев және Ахунбаев көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.
Бішкек Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының мәліметінше, Mercedes-Benz Sprinter жүк көлігі жолды кесіп өтпек болған 40 жастағы ер адамды қағып кеткен. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетпеген. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
sputniknews.kz