Жаяу жүргінші жол үстінде әжей мен әйелдің кеудесінен ұрып кетті – видео

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Видеодан әжей кеудеге жасалған соққыдан кейін құлап түскені көрінеді

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр — Sputnik. Кишинев қаласының (Молдова) тұрғындары екі әйелді себепсіз ұрған ер адамның әрекетіне куә болды.  

Sputnik Молдова хабарлағандай, оқиға видеобақылау камерасына түсіп қалған.

Ер адамның қолынан 36 және 81 жастағы әйелдер зардап шекті. Жазбадан әжей кеудеге жасалған соққыдан кейін құлап түскені көрінеді. Зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетілді.

Алматылық жүргізуші емшектегі баласы бар әйелді соққыға жықты

Кишинев полиция инспекторатының баспасөз хатшысы Наталья Статидің мәлімдеуінше, шабуылдаушының жеке басы анықталды. Істің басқа да мән-жайы әзірге жарияланбай отыр.   



sputniknews.kz